Үкімет басшысы Асқар Маминнің Қазақстан халық партиясының депутаттық сауалына берген жауабында құтқарушылардың зейнет жасы төмендетілуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы parlam.kz жазды.
Төтенше жағдайлар министрлігі «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеп жатыр. Заң аясында мына мәселелер:- Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемін, сондай-ақ әскери іс-қимылдарға пара-пар жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеу;
- Осы салада жоғары атаққа ие құтқарушыларды азаматтық қорғаныс саласында арнаулы дәрежесі бар қызметкерлер санатына ауыстыру арқылы олардың зейнет жасын төмендету;
- Қызмет бабына байланысты басқа елді мекенге қоныс аударған жағдайда көтерме жәрдемақы төлеу, көшіп-қону шығынын өтеу мәселесі оңтайлы шешілуі мүмкін.
Бұған дейін Қарағанды облысы Абай шахтасында болған жарылыстан соң, шахтерлердің зейнет жасын төмендету мәселесі айтылған болатын.