Алматылық әйел 59 миллион теңге тұратын Lamborghini ұтып алды – видео
Алматылық әйел 59 миллион теңге тұратын Lamborghini ұтып алды – видео
353
оқылды

Ресейлік блогер Гусейн Гасанов Instagram парақшасында өткізген ұтыс ойынында Алматы тұрғыны жеңімпаз атанып, 59 миллион теңге тұратын Lamborghini көлігін ұтып алды. Бұл туралы «Наша газета» жазды.

Блогердің жазуынша, ұтысқа қатысу үшін оның Instagram-дағы жазбасына лүпіл басып, оның соңғы жариялаған жазбасын өз парақшасында бөлісуі тиіс. Осы мүмкіндікті қалт жібермей, жеңімпаз атануға 700 мыңнан астам адам бағын сынап көрген. Мыңдаған оқырманның ішіннен алматылық Әйгерім жеңімпаз атанып, Lamborghini маркалы көлік ұтып алды.

«Сіз Instagram тарихында ең бағалы сыйлықты ұтып алдыңыз», – деп жүрекжарды лебізін білдірді блогер Гусейн Гасанов.

https://youtu.be/WDAQ5ghxzNk   Гусейн Гасановтың айтуынша, Lamborghini көлігінің құны 10 миллион рубль (59 миллион теңгеред.) тұрады.

Ал жеңімпаз алматылық Әйгерім «Аллаға шүкір! Ұтыс ойындарына қатысып жүрсем де, тұңғыш рет жеңімпаз атандым. Жеңімпаз болғаныма сене алар емеспін. Армандар орындалады!» – деп қуанышын жеткізді.