Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Атыраулық полицейлер көпірден секірген жасөспірімді құтқарды

12 желтоқсан күні 22:20 шамасында 102 операторына Атырау мөлтек ауданында орналасқан көпірден белгісіз адамның секіріп кеткенін хабарлаған.

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ
Желтоқсан 13, 2021
жасөспірім
164
қаралым

Хабарлама бойынша оқиға орнына барған патрульдік полиция батальонының қызметкерлері полиция аға лейтенанты Исатай Тұрсынғалиев және полиция сержанты Ғалым Қалбаев су үстіне жарықшам жағу арқылы шолып, батып бара жатқан қыз баланы байқаған. Уақыттың тығыздығын сезген тәртіп сақшылары құтқаруға кіріскен. Көліктен арқан жіпті алып беліне байлап, полиция сержанты Ғалым Қалбаев қыз балаға қарай бағыт алып жүзген.

Арқанның екінші шетін ұстаған полиция аға лейтенанты Исатай Тұрсынғалиев көмекке келген әріптестері полиция аға лейтенанты Махамбет Қабасов пен полиция лейтенанты Құралбек Қалмағанбетовке  арқанды ұстатып Ғалым Қалбаевтың артынан сақтандыру мақсатында жүзе бастаған. Себебі аязды күні суық суда жүзу, өзен ағымымен алға сүйреген ағыстың ығына берілмей жағаға жету күш-жігерді талап етеді.

 

Тәртіп сақшылары қыз баланы 20 минут шамасында жаға алып шықты. Ес-түссіз жатқан қыз баланың жасөспірім екенін бірден білдік дейді, жағаға шығарып бірден жасанды тыныстандыру жаттығуларын жасауға кіріскен полицейлер.

Тіршілік белгілері болғанымен жасөспірім денесі қатты салқыннан әлсіреп қалғанын сезген олар, жедел жәрдемді бірден жақын маңдағы №5 емханаға шақыруға шешім қабылдап, қызметтік көлікпен өздері де сонда жол тартқан.

– Ойланатын уақыт болмады, шешінген судан тайынбас дейді, құтқарамыз деп бірден суға түсуге кірістік. Су мен ойлағаннан да салқын болып шықты. Бірақ, бар ойым батып бара жатқан қыз баланы құтқару болды. Әріптесім арқанның екінші ұшын ұстап тұрды, кейін артымнан жүзіп келе жатқанын сезіп тез қимылдап жағаға үшеуміздің де аман-есен шығуымыз үшін барлығын жасадым. Әр секундтан да аз уақыт санаулы, маңызды болды. Взвод командирі тез шешім қабылдады, жасөспірім болғасын салқын суда тіпті бізден ұзақ уақыт болғандықтан өкпесіне зақым келмесін деп бірден емханаға жол тарттық, – деді полиция сержанты Ғалым Қалбаев.

Дәрігерлер 2007 жылы туған, жасөспірімге дереу көмек көрсетуді бастап кетті. Аязды күні аянбай салқын суға жүзіп жасөспірімді ажалдан арашалаған тәртіп сақшыларының да денсаулығын тексеріп, қажетті көмегін көрсетті.

Тегтер: АтырауЖаңалықтаржасөспірімкөпір

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Матч кезінде стадион шатыры опырылып түсті

Риота Мурата Головкинге алғысын айтты

Алматы облысында мас жүргізуші 32 қойды басып кеткен

Шымкенттегі жарылыс сәті видеоға түсіп қалған

Шымкентте бір үйдің үш баласы көлік жүксалғышында тұншығып қаза болды

Антикор атын жамылып Каспий жағалауынан жер беруді талап еткен ер адам ұсталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»