Атыраулық полицейлер көпірден секірген жасөспірімді құтқарды
Атыраулық полицейлер көпірден секірген жасөспірімді құтқарды
330
оқылды

Хабарлама бойынша оқиға орнына барған патрульдік полиция батальонының қызметкерлері полиция аға лейтенанты Исатай Тұрсынғалиев және полиция сержанты Ғалым Қалбаев су үстіне жарықшам жағу арқылы шолып, батып бара жатқан қыз баланы байқаған. Уақыттың тығыздығын сезген тәртіп сақшылары құтқаруға кіріскен. Көліктен арқан жіпті алып беліне байлап, полиция сержанты Ғалым Қалбаев қыз балаға қарай бағыт алып жүзген.

Арқанның екінші шетін ұстаған полиция аға лейтенанты Исатай Тұрсынғалиев көмекке келген әріптестері полиция аға лейтенанты Махамбет Қабасов пен полиция лейтенанты Құралбек Қалмағанбетовке  арқанды ұстатып Ғалым Қалбаевтың артынан сақтандыру мақсатында жүзе бастаған. Себебі аязды күні суық суда жүзу, өзен ағымымен алға сүйреген ағыстың ығына берілмей жағаға жету күш-жігерді талап етеді. https://youtu.be/O819YqFNk6M   Тәртіп сақшылары қыз баланы 20 минут шамасында жаға алып шықты. Ес-түссіз жатқан қыз баланың жасөспірім екенін бірден білдік дейді, жағаға шығарып бірден жасанды тыныстандыру жаттығуларын жасауға кіріскен полицейлер. Тіршілік белгілері болғанымен жасөспірім денесі қатты салқыннан әлсіреп қалғанын сезген олар, жедел жәрдемді бірден жақын маңдағы №5 емханаға шақыруға шешім қабылдап, қызметтік көлікпен өздері де сонда жол тартқан.
– Ойланатын уақыт болмады, шешінген судан тайынбас дейді, құтқарамыз деп бірден суға түсуге кірістік. Су мен ойлағаннан да салқын болып шықты. Бірақ, бар ойым батып бара жатқан қыз баланы құтқару болды. Әріптесім арқанның екінші ұшын ұстап тұрды, кейін артымнан жүзіп келе жатқанын сезіп тез қимылдап жағаға үшеуміздің де аман-есен шығуымыз үшін барлығын жасадым. Әр секундтан да аз уақыт санаулы, маңызды болды. Взвод командирі тез шешім қабылдады, жасөспірім болғасын салқын суда тіпті бізден ұзақ уақыт болғандықтан өкпесіне зақым келмесін деп бірден емханаға жол тарттық, – деді полиция сержанты Ғалым Қалбаев.

Дәрігерлер 2007 жылы туған, жасөспірімге дереу көмек көрсетуді бастап кетті. Аязды күні аянбай салқын суға жүзіп жасөспірімді ажалдан арашалаған тәртіп сақшыларының да денсаулығын тексеріп, қажетті көмегін көрсетті.