Чемпиондар лигасы: 1/8 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/8 финалдың жеребесі тартылды
214
оқылды

Бүгін Щвейцарияның Ньон қаласында футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалына арналған жеребе тарту рәсімі өтті.

Ережеге сай, 1/8 финалда топтық кезеңде бірінші орын алған команда өзге топта екінші орын алған командамен кездеседі. Бірақ бір елдің қос командасы жолықпайды. Жеребе қорытындысы төмендегідей:
  • «Бенфика» (Португалия) - «Реал» (Мадрид, Испания);
  • «Вильярреал (Испания) - «Манчестер Сити» (Англия);
  • «Атлетико» (Мадрид, Испания) - «Бавария» (Мюнхен, Германия);
  • «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) - «Ливерпуль» (Англия);
  • «Интер» (Милан, Италия) - «Аякс» (Нидерланды);
  • «Спортинг» (Португалия) - «Ювентус» (Турин, Италия);
  • «Челси» (Лондон, Англия) - «Лилль» (Франция);
  • «Пари Сен-Жермен» (Франция) - «Манчестер Юнайтед» (Англия).
Айта кетейік, алғашқы ойындар 2022 жылдың 15-16 және 22-23 ақпанында өтсе, жауапты кездесулер 8-9 және 15-16 наурызға жоспарланған.