Қызылордада белгісіз мал дерттен қырылып жатыр. Қала іргесіндегі Талдыарал ауылының тұрғындары дабыл қағуда, – деп хабарлайды Астана арнасы.
Төрт түліктің арам қатуына – екпенің кеш салынуы және дәрігердің жауапсыздығы себеп дейді тұрғындар. Айтуларынша, ветеринарлар төрт түлікке екпені уақытылы салмайтын көрінеді. Және ауырған түлікке ем-шара жасамайды. Соның салдарынан жұрт қалған малымыздан да айрылып қаламыз ба деп алаңдайды.
Ал, мамандар ауылдағы төрт түлікке екпе уақытылы салынды дейді. Қырылған мал дерекқор базасына енбеген. Соның салдарынан осындай жағдай болғанын айтады мамандар. Тізімге енбеген ірі қараға екпе егілмейтін көрінеді. Сондықтан маман ауыл тұрғындарына малын өз атына тіркеу үшін өтінім қалдыруға кеңес береді. Сонда ғана мемлекеттен бөлінетін екпеге ілініп, жоспар бойынша уақытында бақылауға алынатынын айтты.
Ал ірі қараның жаппай қырылу себебі әлі белгісіз. Дегенмен, мамандар бұл жұқпалы ауру емес деп болжап отыр.