Қызылорда құрылысшылары ең аз жалақы алады
Қызылорда құрылысшылары ең аз жалақы алады
415
оқылды
2021 жылдың ІІІ тоқсанында еліміздің құрылыс саласында 640,7 мың адам жұмыс­пен қамтылған. Бұл былтырғыдан 3 пайыз­ға артық. Өңірлер бойынша бұл салада жұмыспен қам­тылғандардың басым бөлігі (74,7 мың адам) елордада тіркелген. Алматы мен Түркістан облысы да жетекші өңірлердің үштігінде. Құрылыста жұмыспен қамтылғандардың ең аз саны (11,2 мың адам) – СҚО-да. Жалпы, еліміздің құрылыс саласында кадр тап­шылығы қатты байқалады. 2020 жылмен салыстыр­ғанда, биыл нарықтағы бос жұмыс орын саны 53 пайызға артыпты. Негізгі жұмыс іздеу жүйелерінің хабарлауынша, бұл елдегі жылжымайтын мүлікке сұраныстың артуына байланысты. Бұл ретте құрылыста еңбек ететіндердің орташа жалақысы биылғы ІІІ тоқсанда 314,3 мың теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 32,5 пайыз­ға көп. Ең жоғары орташа айлық жалақыны (465,4 мың теңге) Атырау облысындағы мамандар алады. Маңғыстау облысы мен елорданың құрылыс­шылары да жоғары жалақыға ие. Осы үздік 3 аймақта ғана жалақы республикалық деңгейден жоғары. Ал ең аз жалақыны Қызылорда облысының мамандары алады. Бар болғаны – 166,8 мың теңге.

М.ХАҚНАЗАР