Атырауда 3 ай жалақы алмаған жұмысшылар бас көтерді
Атырауда 3 ай жалақы алмаған жұмысшылар бас көтерді
©cct.kz
180
оқылды
Атырауда Caspian Contractors Trust жұмысшылары бас көтерді. Оған себеп қызметкерлері қыркүйектен бері жалақыларын ала алмай отыр. Бұл туралы Информбюро ақпараттық бағдарламасы хабарлады. Зауыт қызметкерлері тапсырысты артығымен орындағанын айтып, алайда тиісті еңбекақысын ала алмай отырғанына шағымданды. Сондай-ақ уақытында зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер аударылмаған. – Отбасымды, үйді көрмегеніме 1 айға жуық болды. Бірақ үйге не деп барамын? Тіпті үйге жету үшін де жолақым жоқ. Алда Тәуелсіздік мерекесі келе жатыр, лауазымды адамдар біздің жалақымызды шешіп берсе болды, басқа ештеңе сұрамаймыз, – дейді зауыт қызметкері Рүстем Тілеков. Компания басшылығы бұл мәселе бойынша пікір білдіруден бас тартты. Ал Еңбек инспекциясының өкілдері жалақының кешіктірілуін компания есепшотының бұғатталуымен түсіндірді.