Құрмет Талапқазы Оңтүстік Қазақстан университетінде тегін білім алатын болды
Құрмет Талапқазы Оңтүстік Қазақстан университетінде тегін білім алатын болды
329
оқылды

Қуаңшылықтан зардап шеккен аймақтарға шөп жеткізіп, көмектескен Құрмет Талапқазы Оңтүстік Қазақстан университетінде тегін білім ала алады. Бұл туралы білім ордасы Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

"Білім және ғылым министрінің жоғары оқу орындары ректорларымен өткізген жиналысында Шымкент қ. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басшылығына қала тұрғыны Құрмет Талапқазыға тегін оқу құқығын беру мүмкіндігін қарастыру тапсырылды. Бүгін Құрмет Талапқазы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде тегін оқи алады деген шешім қабылданды" делінген хабарламада.
Құрмет құрғақшылық жайлап, шөп шықпай қалған батыс өңірлеріне асарлатып шөп жеткізу шараларын ұйымдастырған еді.