Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығы – елiмiздiң тарихындағы елеулi белес. Осы уақыт аралығында елiмiз көптеген сынақтар мен қиындықтарды басынан өткізіп, бүгінгі таңда экономикалық тұрғыдан барынша дамыған, болашаққа сеніммен қарайтын мемлекетке айналды. Тәуелсіз қазақ мемлекетiнiң негiзi қаланып, әлемдiк қауымдастықтың беделдi қатысушы ретiнде өзiн таныта бiлдi.
Бұл – егемен елiмiздiң негiзiн қалаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгер көшбасшылығының және ерен еңбегiнiң жемiсi.
Тәуелсiздiк – ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған, елiмiздiң баға жетпес байлығы. Осындай қасиетті, тарихи кезеңдегi Қазақстан халқының басты мiндетi – тәуелсiздiктiң тұғырын нығайтып, егемендiгiмiздi сақтап қалу.
Осы орайда, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесiнiң ағымдағы жылдың 23 қарашасында өткен кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елiмiздiң болашағын айқындап, қазiргi күрделі кезеңдегі даму бағыттары мен басымдықтарын белгілеп берді. Қазіргі күрделі де, өзгермелі жағдайда елiмiздiң саяси және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуде, халықтың әл-ауқатын жақсартуда басты саяси күш болып табылатын «Nur Otan» партиясының жетекшiлiк рөліне ерекше тоқталып өтті.
Бұл ретте Елбасының Тәуелсiздiктiң келесі онжылдығында барлық қазақстандықтарға, әсіресе жастарға маңызды бағдар беретiн «Елдiктiң жетi тұғыры» ретінде айқындаған қағидаттар жиынтығына ерекше тоқталып өткім келеді. Елдiгiмiздi сақтаудың мынадай негiзгi жетi тұғырын айқындап берді:
«Тәуелсiздiк – кез-келген азамат үшiн ең қастерлі кұндылық».
Тамыры терең тарихымызға құрметпен қарап, мемлекеттілігімізді қадірлеу, оны көздің қарашығындай қорғау – әрбiр қазақстандықтың басты міндеті.
Осы арқылы Н.Ә.Назарбаев келер ұрпаққа Тәуелсiздiктiң кез келген мемлекеттiң қолы жете бермейтін аса құнды, баға жетпес байлық екенiн керсетіп, оны қолдан жiбермей, сақтау – әрбiр азаматтың басты парызы екенін атап өтеді. Елiмiздiң егемендiгiн баянды етудiң басты жолы – мықты ұлттық экономиканы қалыптастырып, дамыту екенiн ерекше көрсетеді.
«Бірлік пен келісім елдiгiмiздiң мызғымас тұғыры».
Этникалык әралуандық – біртұтас ұлт ретінде қалыптасқан халқымыздың артықшылығы.
Көп ұлтты мемлекетіміздің ұлтаралық татулығын және саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін әрбір ұлт өкілдерінің мемлекеттік басқару және билік органдарына тең құқылы негізде қатысуына негізделген Қазақстан халқы ассамблеясы институтының маңызды екеніне тоқталады. Бұл – ұлтаралық татулық пен бірлікті қамтамасыз етуге негізделген сындарлы саясаттың жемісі болғанын көрсетеді.
«Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы».
Әрине туған жерiмiз үшiн кез-келгенiмiз iшкен асымызды жерге қоямыз. Бұл тұғырды әртүрлі мағынада талқылауға болады.
Еліміздің кең-байтақ жерінің шекарасының қазіргі қалпын қалыптастыруда Елбасының еңбегі ерекше. Барлық көршілеріміз бен шекарамыз шегеленіп қойылған. Алайда менің ойымша, бұл тұғырдың терең мағынасы жерiмiздi болашақ ұрпақтарымызға сақтап, өзгермес қалпында қалдыруды білдіреді.
«Отбасы мен салт-дәстүр қоғамның алтын діңгегі».
«Отан отбасынан басталады» деген мақал бізге жастайымыздан айтылып келеді. Бұл тұғыр соның бейнесі іспеттес. Әрбір отбасы үшін басты құндылық – жас баланы өсіру ғана емес, оның бойына Отанға деген сүйіспеншілікті, үлкенге деген құрметті сіңдіру деп ойлаймын.
«Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі».
Қазіргі таңда жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін бірегей, ұлттық мінез, асқақ рух керек. Мұндай қасиеттер тарихты білу, мәдени құндылықтарды тану арқылы келеді.
Өскелең ұрпақтың ана тілін айрықша құрметтеп, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрдi бiлу – кез-келген ұлттың мықтылығының басты шарты.
«Білім мен еңбек – бақуатты өмiрдiң кілті».
Білімді жастар – елiмiздiң болашағы. Мұның дәлелі – 1993 жылы ұйымдастырылған «Болашақ» халықаралық стипендиясы. Бұл мыңдаған жастарымыздың шет мемлекеттердің аса беделді оқу орындарында білім алып, бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуы үшін жасалып отырған мүмкіндік. Осы уақыт аралығында 11 мыңнан астам қазақстандық әлемнің үздік оқу орындарында білім алып, қоғамның әр саласында еңбек етуде.
«Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі».
Біз қолда бар ресурс пен мүмкіндікті пайдалануға, нәтижелі жұмыс атқаруға және көздеген мақсатқа тиiмдi қол жеткізуге тырысуымыз керек.
Елiмiздiң байлығын ұқыпты, үнемдi және орынды пайдалану, уақытты есепке алу – әрбiр жастың басты ұстанымы болуға тиіс.
Міне, елдiгiмiздiң негiзiн қалыптастыратын Елбасы Н.Ә.Назарбаев айқындаған жетi тұғыры жас буынның әрбір өкiлi үшiн басты ұстанымдар жүйесін құрауға тиiс. Олар жастардың өмiрлiк көзқарасын қалыптастыруға ықпал ететiн шарттар мен факторларды ескеруге және басшылыққа алуға жағдай жасайды.
Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесiнiң кеңейтілген отырысында сайлауалды бағдарламаның орындалу барысына да тоқталып өттi. «Nur Otan» партиясы – нақты істер партиясы. Бұны сөзбен емес, iспен дәлелдеуіміз қажет.
«Өзгерiстер жолы: әр азаматқа лайықты өмiр!» сайлауалды бағдарламасының бiр жылда атқарған жұмыстары қорытындыланды. Жалпы бес жылда орындалуы тиіс 362 iс-шараның 170-і бір жылдың iшiнде орындалып, ал 226-сы алдағы жылдың еншісіне қалды.
Алдағы уақытта сайлауалды бағдарламалардың одан әpi орындалуы Мәжілістегi фракция мүшeлeрінiң бақылауында болады. Барлық жауапты министiрлiктерден осы бағдарламаның орындалу барысы бойынша акпарат алып, уақытылы орындалуын қадағалаудамыз. 2025 жылға дейiн сайлаушыларымыздың алдында берген уәделерiмiз 100 пайыз орындалады.
Ғани Әбдіғаниұлы Ташқараев,
Парламент Мәжілісінің депутаты,
«Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі