Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында бірқатар журналист марапатқа ие болды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
Онда: «Тәуелсіздік күні – күллі жұртымыз үшін ұлық мереке. Азаттығымыздың 30 жылдығы қарсаңында азаматтардың еңбегі еленіп, Мемлекет басшысы тарапынан әртүрлі марапат алып жатыр. Төккен тер мен тынымсыз еңбекті елдің ең Жоғарғы басшысы елеп жатса, әрине, ол – зор қуаныш. Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймын! Ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында еліміздің телевизия саласына зор еңбек сіңірген бірқатар журналист Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес мемлекеттік марапаттарға ие болды.Сонымен, «Құрмет» орденімен «Хабар» агенттігінің тележүргізушісі Зейін Әліпбек пен «Қазақстан» ҰТА «Апта» сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі Жайна Сламбек наградталды.«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Хабар24» телеарнасының жүргізушісі Асылбек Абдулов, журналист Мұхтар Түменбай және «КТК» телеарнасының жүргізушісі Мәдина Балғабаева марапатталды.