Елордада Тәуелсіздік күні қарсаңында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін «Nur Otan» партиясының ардагерлері мен белсенділері мемлекеттік және партиялық наградалармен марапатталды.
Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, еліміз бойынша партия мүшелері 960 мемлекеттік және партиялық марапаттарға ие болса, оның 85%-ы өңірлерде. Олардың арасында партия ардагерлері, «Біз біргеміз» акциясының волонтерлері, қоғамдық кеңестердің, сайлауалды штабтардың мүшелері, праймериз қатысушылары және т.б. бар. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған партияның Павлодар облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Олег Костенконың айтуынша, мұндай жоғары марапат алдағы уақытта да аянбай жұмыс істеу үшін айтарлықтай ынталандырады.«Белсенді қызметі үшін» партиялық наградаға ие болған Қазақстан азаматтық альянсының басшысы Бану Нұрғазиева «Nur Otan» партиясы жанынан қоғамдық кеңестер құрғаны үшін партия басшылығына алғыс айтты.«Партияның ардагері, І шақырылымдағы Мәжіліс депутаты ретінде мен еліміз үшін күрделі кезеңдерде маңызды заңдарды қабылдауға қатыстым. Сол кезеңде мұндай қарбаластарға төтеп беру мүмкін еместей болып көрінетін. 30 жыл өткен соң, қазіргі жасыма қарамастан, әлі де елге пайдамды тигізгім келеді. Алдымызда атқарар істер жетерлік. Еліміздің әрбір азаматы осы мақсат жолында әрдайым жалындап тұрғанын қалаймын», – деп өз ойымен бөлісті Рысты Жұмабекова.