Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа монеталар айналымға шығады

Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа монеталар айналымға шығады

16 желтоқсан қарсаңында Táýelsiz Qazaqstanǵa 30 jyl коллекциялық монеталары айналымға шығады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкі хабарлады.

Монеталар сатылымға шығатын күнге қатысты ақпарат банктің ресми сайтында жарияланады. Номиналы 5 000 және 500 теңгелік күмістен және номиналы 100 теңгелік мельхиордан жасалған монеталар «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясымен шығып отыр.   [caption id="attachment_175619" align="alignnone" > Фото: nationalbank.kz[/caption] Táýelsiz qazaqstanǵa 30 jyl монеталарының дизайны біртуар тарихи тұлғалардың портреттік бейнелері орналастырылған тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылғы үлгідегі банкноттарының 1-сериясымен символдық байланысын көрсетеді. Композиция визуалды портреттік қатарды аяқтап, мемлекет тарихындағы мерейтойлық кезеңді логикалық түрде білдіреді.   [caption id="attachment_175620" align="alignnone" > Фото: nationalbank.kz[/caption] Монеталардың басты бетінде (аверсінде) номиналы, ҚҰБ логотипі мен монетаның металын, сынамасын және массасын білдіретін жазу орналасқан. Айналдыра – QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY • REPUBLIC OF KAZAKHSTAN жазуы бар.   [caption id="attachment_175621" align="alignnone" > Фото: nationalbank.kz[/caption] Монеталардың екінші бетінде (реверсінде) – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Қазақстан Республикасының картасы, портрет қатары, қазақ киіз үйінің (басқұр) декоры түрінде орындалған ою-өрнек таспасы және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің ресми логотипі бар. Монеталар: – 925/1000 сынамалы күмістен, сапасы – «proof», массасы – 933 грамм (30 унция), диаметрі – 100 мм, номиналы – 5000 теңгелік, дайындау таралымы – 300 дана; – 925/1000 сынамалы күмістен, сапасы – «proof», массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 3 000 дана; – МН 25 мельхиор қоспасынан, сапасы – рrооf-like, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, номиналы – 100 теңгелік, таралымы – 30 000 дана. Монеталарды төлем жасауға, аударуға, ұсақтау және айырбастауға болады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.