«Жеті қазына»: Ұлттық банк жаңа монетаны сатылымға шығарды
«Жеті қазына»: Ұлттық банк жаңа монетаны сатылымға шығарды
Фото: zhasalash.kz
570
оқылды

Қазақстан Ұлттық банкі ертеңнен бастап «Дала қазынасы» сериясымен шыққан JETI QAZYNA коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады.

Номиналы 500 теңгелік монеталар мен блистерлік жинақ www.kazcoins.nationalbank.kz платформасында ҚҰБ интернет дүкені арқылы сатылады.
«Ежелгі аңыз бойынша, ержігіт, сұлу әйел, құмай тазы, ақыл-білім, берен мылтық, жүйрік ат және қыран бүркітті қазақ халқы жеті қазына деп санаған. Ақылды жар – отбасының берекесі, құмай тазы – аң аулаудағы серігі, берен мылтық – қорған, жүйрік ат пен қыран бүркіт – жауапты сәтте көмекші, ал жан-жақты білім – шешім қабылдауға көмектеседі деп есептеген» делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Бұған дейін алтын монеталар сатылымға шыққаны туралы жазған болатынбыз.