Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік отшашу болды

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік отшашу болды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтанда демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған мерекелік отшашу болды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. Мерекелік отшашу қаланың үш нүктесінде, атап айтқанда Ботаникалық бақтың аумағында, Атырау көпірінің солтүстігіндегі Есіл өзенінің сол жаға­лауында және Ақбұлақ өзенінің солтүстік жағында, Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысын­да болды. Айта кету керек, Тәуелсіздік күнін мерекелеу әлеуметтік нысандардың ашылуымен қатар жүреді: Мереке қарсаңында 20 мыңнан астам оқушы орнына есептелген 7 мектеп, 2,5 мың әлеуметтік пәтерге 6 көппәтерлі тұрғын үй кешені (Қолжетімді тұрғын үй), үлескерлердің 2 мың 400 отбасына 9 үлестік құрылыс нысаны ашылды.

А.ЖАСАНҰЛЫ