Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған отшашуды астаналықтар 3 жерден тамашалай алады
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған отшашуды астаналықтар 3 жерден тамашалай алады
Фото: astana.gov.kz

Тәуелсіздік күні қарсаңында астанада отшашу болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі хабарлады.

Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында 15 желтоқсанда демеушілердің қаражаты есебінен мерекелік отшашу қойылады. Отшашу кешкі сағат 21.00-де 3 жерде болады:
  1. Ботаникалық бақ;
  2. Атырау көпірінен солтүстікке қарай Есіл өзенінің сол жағалауы;
  3. Ақбұлақ өзенінің солтүстік жағы (Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысы).

Бұған дейін Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттік награда алғандар туралы жазған болатынбыз.