Түркістан облысында асылтұқымды қой бір пәтердің бағасына сатылды

асыл тұқымды қой
Фото: Оtyrar.kz

Түркістан облысынан келген шаруа каштан тұқымды қойды 40 мың долларға (17,5 млн тг) сатқан. Бұл туралы Оtyrar.kz жазды.

Басылымның мәліметінше, қой ел тарихында алғаш рет осындай сомаға сатылған.

"Каштан-генетикалық потенциалымен танымал ірі тұқымға жатады. Сатылған қойдың бойы 1 метр 5 см. Оның жаңа иесі – жергілікті шаруа  Қуаныш Мықтыбаев", – деп жазды басылым.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.