Қызылордада қылмыстық топ ұсталды
Қызылордада қылмыстық топ ұсталды
269
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, киік мүйіздерін заңсыз иемдену және өткізумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті. Қылмыстық схеманы ұйымдастырған өңірдің екі тұрғыны ұсталды. Жалпы салмағы 500 килограмм болатын 2347 киік мүйізі тәркіленді. [caption id="attachment_175905" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: ҰҚК баспасөз қызметі[/caption] Мүйіз үшін браконьерлер 1174 киікті өлтірген. Қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген залал 5 млрд теңгеге бағаланып отыр. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.