Пойызыңыз кешіксе, SMS-хабарлама аласыз
Пойызыңыз кешіксе, SMS-хабарлама аласыз
189
оқылды
"Жолаушылар тасымалы" кәсіпорны қазақстандықтарды пойыздың бекетке келу уақыты мен кешігуі туралы хабарландырады. Сол үшін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы жолаушылар үшін SMS-хабарлама сервисін іске қосты.
"Хабарламалар Bilet.railways.kz сайтына тіркелген пайдаланушыларға және кассада билет сатып алу кезінде өзінің байланыс деректерін қалдырған жолаушыларға жіберіледі", – деп хабарлады ұлттық компания.
Соған байланысты "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы жолаушылардан жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеу кезінде дұрыс байланыс мәліметтерін көрсетуді және оларды үнемі жаңартып отыруды сұрады. Оқи отырыңыз: Марқұм Қайрат Рысқұлбековпен бір камерада отырдық