Теледидарды тым көп көрудің қандай қаупі бар?
Теледидарды тым көп көрудің қандай қаупі бар?
200
оқылды
Теледидарды тым жиі көру мидағы сұр зат көлемінің төмендеуіне байланысты когнитивтік құлдырау мен ойлау қабілетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл туралы Колумбия университетінің Ирвинга медицина орталығының неврологы Прия Палтаға сілтеме жасап Eat this, Not That! басылымы жазды.
"Аз қозғалатын өмір салтының бір белгісі саналатын теледидарды тым жиі көру мидың когнитивтік қабілетінің төмендеуіне тікелей байланысты болуы мүмкін. Мұны біз жүргізген зерттеу нәтижесі көрсетті", - дейді сарапшы.
Тез қартаюға әсер ететін екінші фактор – интернетті жиі және ұзақ пайдалану. Тым белсенді пайдаланушылар физикалық белсенділіктің жетіспеушілігінен зардап шегеді, сондай-ақ компьютер мен смартфон экранынан берілетін жарықтың зарбадын көреді. Сондай-ақ мамандар ми мен терінің қартаюына тұрақсыз ұйқы режимі, күйзеліске түсу әсер етеді деп санайды. Йель университетінің зерттеуіне сәйкес, эмоцияны дұрыс көрсетуге көмектесетін жаттығуларға қатысқандардың баяу қартаятыны анықталған.