Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас кәсіпқой мансабындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді.
Лукас Нұр-Сұлтандағы бокс кешінде украиналық Светлана Василевскаямен жұдырықтасты. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа толық созылды. Төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен Ангелина Лукас жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық белбеуін сарапқа салады.