Қазақстандық спортшы Ангелина Лукас кәсіпқой карьерасындағы алғашқы жеңісінен кейін әнұранды орындады. Әлеуметтік желі қолданушылары арудың дауысына тәнті болғанын жарыса жазып жатыр.
«Жарайсың, сұлуым», «Бәрекелді», «Неткен сұлу қыз еді», «Дауысы қалай әдемі», «Дауысы да өзі секілді көркем», - деп жазды желі қолданушылары.Еске салсақ, Лукас Нұр-Сұлтандағы бокс кешінде украиналық Светлана Василевскаямен жұдырықтасты. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа толық созылды. Төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен Ангелина Лукас жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық белбеуін сарапқа салды.