Данияр Елеусінов IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды
Данияр Елеусінов IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды
171
оқылды
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде IBO титулын жеңіп алды. Елеусінов IBO титулы үшін жекпе-жекте Хуан Эрнан Леаомен кездесті. 12 раундтық кездесудің екінші және үшінші раундтарында Аргентина боксшысы нокдаунға түскенімен, жекпе-жек соңына дейін созылды. Соңында төрешілер шешімімен Данияр Елеусінов жеңіске жетті. Айта кетейік, Данияр бұл жекпе-жекте айқын фаворит саналған және сарапшылардың көпшілігі оның нокаутпен жеңетінін болжаған болатын. Бұған дейін Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі 10 жеңісінің алтауын нокаутпен аяқтаған.