Қазақстанда 2022 жылдан бастап салыққа қатысты қандай өзгерістер болады?
Қазақстанда 2022 жылдан бастап салыққа қатысты қандай өзгерістер болады?
Фото: Sputnik.kz
413
оқылды

Е-Salyk Business мобильді қосымшасында арнайы салық режимі енгізіледі (1 қаңтардан бастап)

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке кәсіпкерлер үшін e-Salyq Business арнайы мобильді қосымшасында арнайы салық режимі (АСР) енгізіледі. Мобильді қосымша кәсіпкерлердің салық төлеу процесін жеңілдетеді. Осы қосымша арқылы жеке кәсіпкер ретінде онлайн тіркеліп, салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеп, салық есептілігінің нысанын жоя алады.

Банк қосымшаларында «мобильді төлем» функциясы пайда болады

Қазір қазақстандықтар көптеген тауар мен қызмет ақысын мобильді қосымша арқылы аударып жүр. Ал мұндай транзакция үшін кәсіпкер салық төлемейді. Айта кетейік, қазіргі уақытта Салық кодексінде төлемнің тек екі түрі қарастырылған: қолма-қол ақша және POS-терминалдар арқылы картамен төлеу. Ал Салық кодексіне енгізілген өзгеріс күшіне енсе, «мобильді төлем» пайда болады. Олар онлайн бақылау-касса машинасы (БКМ) арқылы өтеді, яғни клиентке фискалды чек беріледі. ҚР Қаржы министрлігінің мәлімдемесінде, енгізілген өзгертулер жеке тұлғалардың жеке аударымдарынан кәсіпкерлік мақсатта жүзеге асырылатын мобильді төлемдерін бөлуге арналған. Салық төлеушінің төлқұжаты енгізіледі (1 наурыздан бастап) Төлқұжатта салық төлеушінің салыққа қатысты мәліметі толық көрсетіледі.  Салық төлеушінің төлқұжаты халықты хабардар ету үшін жалпыға бірдей қолжетімді жерге қойылады.

Шетелдік интернет-компаниялар қосымша құн салығын төлейді (1 қаңтардан бастап)

2022 жылғы 1 қаңтардан Қазақстанда тауар мен қызмет ұсынатын шетелдік интернет-компаниялар қосымша құн салығын төлейтін болады. Ондай компанияларға Google, Facebook, Amazon, Netflix  сияқты Қазақстанда электронды қызмет көрсететін халықаралық интернет-алаңдар кіреді.

Жүк көліктеріне салынатын салық азаяды

1 қаңтардан бастап "ГАЗель" деп аталатын шағын габаритті фургондарға салынатын салық қазіргідей қозғалтқыштың көлеміне емес, жүк көтерімділігіне байланысты есептелетін болады. Егер қозғалтқыш көлемі 3,5 болса, салық 136 мың теңгеден 20 мыңға дейін азаяды, бұл жүк тасымалдарын дамытуды ынталандыру мақсатында жасалады. Енді жаңа жылдан бастап бұл норма 96 мың автомобильге қатысты іске асады.

Экспорттаушыларға қосылған құн салығы қайтарылады

Бұл өзгеріс шикізат экспортынан түскен табысының кемінде 50%-ын шетел валютасынан теңгеге айырбастайтын бизнесмендерге қатысты. Оларға жеңілдетілген тәртіппен қосылған құн салығының (ҚҚС) асып кеткен сомасының 80%-на дейін қайтарылатын болады.

Алкогольге акциз төлеу мерзімі ұзартылады

Енді отандық алкоголь өндірушілер акцизді өнімді жіберетін күні төлеуге рұқсат етіледі. Қазірге дейін акцизді алдын ала төлеу міндеттелген еді. Бұл норма отандық арақ өндірушілердің жұмысын жеңілдетеді. Сол арқылы олардың құқығы сыра және темекі өндірушілермен теңеседі. Депутаттардың пікірінше, бұл отандық алкоголь өнімдерін қолдауға мүмкіндік береді.

Ең төменгі жалақыдан Айлық есептік көрсеткішке ауысады

1 қаңтардан бастап Салық кодексінде жеке табыс салығын (ЖТС) және әлеуметтік салық бойынша ең төменгі салық салынатын базаны шегеру үшін есептік көрсеткіш ретінде ең төменгі жалақы (ЕТЖ) қолданылмайтын болады. Оның орнына 14 еселік айлық есептік көрсеткішке (АЕК) тең көрсеткіш пайдаланылатын болады.

Цифрлық майнингке салынатын салық артады (1 қаңтардан бастап)

Енді салық көлемі пайдаланылған электр энергиясының көлеміне байланысты болады. Салық электр энергиясының 1 кВт қуаты үшін 1 теңге мөлшерінде болады.

Шетелдік көліктерге салынатын салық артады

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық қатынастағы жолаушылар мен жүк тасымалдайтын шетелдік автокөлітер 20 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін салық төлейді.