ШҚО-да жол қызметінің 34 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
ШҚО-да жол қызметінің 34 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
157
оқылды
Шығыс Қазақстанда жол қызметінің 34 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыстық Полиция департаментінің жол қадағалау мамандары ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында 200-ден астам тексеру жүргізіпті.
«Тексеру нәтижелері бойынша қысқы күтіп-ұстау ережелерін орындамаған жол қызметтерінің 34 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өскемен қаласы бойынша осыған ұқсас ескертулер биылғы жылдың 14-15 желтоқсанында қар жауғаннан кейін облыс орталығын санитарлық күтумен және абаттандырумен айналысатын 5 мердігерлік ұйымда анықталды. Аталған қызметтердің басшылары да тиісті әкімшілік жазаға тартылды, олардың атына кемшіліктерді жою бойынша тиісті нұсқамалар жіберілді» делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

А.Әбіл, Шығыс Қазақстан облысы