Каратэден Азия чемпионаты басталды
Каратэден Азия чемпионаты басталды
248
оқылды
Алматыда каратэден кадеттер, жасөспірімдер мен жастар және ересектер арасындағы Азия чемпионаты басталды. Құрлықтық дода алғашында Ку­вейтте өтуі тиіс болған. Алайда пан­демияға байланысты кейінге шегеріліп, Алматыда ұйымдастырылып жатыр. Қазақстандық федерацияның ұсынысы бойынша аталған Азия чемпионаты команданың бас бапкері, осыдан бір жыл бұрын өмірден өткен Жасталап Санауовтың рухына арналған. Біріншілікте 23 елден келген 450 спорт­шы бақ сынауда. Олардың қа­тарында каратэден Олимпиада чем­пионы жапониялық Рё Киюна да бар. Сондай-ақ Қазақстан намысын Олимпиада жүлдегері Софья Берульцева, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Нұрқанат Әжіқанов, Дидар Әмірәлі, Еркінбек Байтөреевтер қорғайды. Мамандардың айтуынша, Азия чемпионатындағы Қазақстанның ең басты қарсыласы Иран құрамасы болмақ.

А.ЖАСАНҰЛЫ