Қазақстанға Қытай, Ұлыбритания, Түркиядан жұмыс іздеп келетіндер көп

Қазақстанға Қытай, Ұлыбритания, Түркиядан жұмыс іздеп келетіндер көп

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 15 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді.

Биыл 1 желтоқсандағы мәлімет бойынша, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 15 527 шетелдік Қазақстанда еңбек етеді.

Шетелдік жұмыс күші бірінші санатта – 643 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санатта – 3 210 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) адам бар. III санаттағы мамандар саны – 7 748 адам, IV санаттағы білікті жұмысшылардың үлесі – 735 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 134 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде 2 057 адам тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 261 жұмыс беруші бар. Мигранттардың көпшілігі Қытайдан – 3 784 адам, Ұлыбритания – 1 996 адам, Түркия – 1 985 адам, Үндістан – 1 182 адам, Өзбекстаннан 1 138 адам келген.

Бұған дейін Қазақстаннан шетелге көшкен тәжірибелі мамандар туралы хабарлаған болатынбыз.