Ақтауда әйелді қағып өлтірген көлік жүргізушісі ұсталды – видео
Ақтауда әйелді қағып өлтірген көлік жүргізушісі ұсталды – видео
Фото: tatarstan24.tv
175
оқылды

Ақтауда бес жасар қызымен бірге жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кезде әйелді көлік қаққан. Бұл туралы Lada.kz жазды.

Оқиға кеше сағат 23:40 шамасында 16 және 19-шағын аудан арасында болған. Полицияға шақырту 23:45-те шақырту түскен.

«Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі жолаушыны қағып кетті. 29 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты. Бес жасар қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында есін жимастан қайтыс болды», – деді департамент өкілі.

https://youtu.be/nPhXzbZ2USQ Оқиғаның мән-жайы тергеуден соң анықталады. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. https://youtu.be/Z8DzlVYTy7E