Полицейлер жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, қашып кеткен көлік жүргізушісін ұстады

Полицейлер жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, қашып кеткен көлік жүргізушісін ұстады

Түркістан облысында көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Polisia.kz-тің дерегінше, полицейлер күдіктіні ұстады.

Оқиға Түлкібас ауданы Азаттық ауылында болған.

Навои көшесінде Opel Vectra көлігінің жүргізушісі жасы 50-ге таяған ер адамды қағып, қашып кеткен. Жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Факті Түлкібас АПБ ҚР ҚК-нің 345-бабы және 347-бабы бойынша тіркелді. Мәйітке қатысты сот медициналық сараптама тағайындалды.

Марқұмның Түлкібас ауданының тұрғыны екені анықталды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.