Байзақтағы жарылыс: жоғалған сарбазға қатысты министрдің орынбасары пікір білдірді
Байзақтағы жарылыс: жоғалған сарбазға қатысты министрдің орынбасары пікір білдірді
Фото: sputnik.kz
214
оқылды

Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов жарылыстан кейін жоғалған сарбаз іздестіріліп жатқанын айтты, – деп жазады zakon.kz. Оның айтуынша, тергеу жүргізіліп жатыр.

«Тергеу қорытындысы бойынша ақпарат береміз. Әскери адамды іздеу ұзақ уақыт алады. Бәрін анықтап алу керек. Үздіксіз іздеп жатыр. Жарылыста опат болса, қандай да бір белгі қалуы керек еді», – деді Дарын Тұяқов.

Биыл 26 тамыз күні Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан оқ-дәрі қоймасында жарылыс болып, соңы алапат өртке ұласты.