Нұр-Сұлтан-Теміртау тас жолы жабылды
Нұр-Сұлтан-Теміртау тас жолы жабылды
Фото: tgl.ru
Ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жол жабылды. Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 22 желтоқсан күні сағат 19.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 1291-1426 шақырымы, яғни Нұр-Сұлтан мен Теміртау қаласының аралығындағы учаске жабылды. Жол жабылуына себеп – көктайғақ, қар, бұрқасын.