Биыл Жамбыл облысы, Петропавл, Шортандыдағы жарылыстан 27 адам қаза тапты – министр
Биыл Жамбыл облысы, Петропавл, Шортандыдағы жарылыстан 27 адам қаза тапты – министр
Фото: tvzvezda.ru
167
оқылды

Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин биыл 11 айда атқарылған жұмыс туралы ел алдында есеп берді.

Оның айтуынша, 11 айда 12 055 төтенше жағдай тіркелді. Құтқарушылар 11 233 адамды апаттан аман алып қалды.

Биыл апат салдарынан зардап шеккендер 5,5%-ға көбейді. 2021 жылы 1 736 адам (былтыр – 1 645) зардап шеккен. Қаза тапқандардың саны 14,5%-ға көбейген. Биыл 838 адам (2020 жылы – 732) көз жұмды.

Оның ішінде, газ баллоны жарылып, Нұр-Сұлтанда – 2, Петропавлда 2 адам қаза тапты. Ақмола облысы Шортанды ауданында 6 адам, оның ішінде үш бала көз жұмды.    width=

Жамбыл облысындағы әскери қоймада өрт шығып, соңы жарылысқа ұласып 17 адам қаза тапты.