"Жігіттер көріксіз қыздарға үйленеді": Алматы әкімдігі қыздарға арналған лекцияға түсініктеме берді
"Жігіттер көріксіз қыздарға үйленеді": Алматы әкімдігі қыздарға арналған лекцияға түсініктеме берді
© rb-zhetibay.kz
266
оқылды
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев пен қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева  мектеп-гимназияларының бірінде емхана қызметкерлерінің жасөспірімдерге өткізген лекциясына түсініктеме берді.  Қыз балаларға арналған лекцияда жігіттердің "еркін әрі жыныстық қатынаста тәжірибесі бар қыздармен кездесетіні, алайда бай әрі көріксіз қыздарға үйленетіні" туралы презентация көрсетілген. Сонымен қатар осыған мысал ретінде қыздарға тұрмысқа шығу үшін қандай болу керегі де айтылған. Мұндай қасиеттердің қатарында – қарапайым, көріксіз, тұрмысқа бейімі бар, шебер, мейірімді, ақылды және т.б. болу керегі айтылады.
"Жоғары сыныпта оқитын оқушылармен біздің мамандардың әңгімесін соңына дейін тыңдаған жоқпын. Бұқаралық ақпарат құралдарында дәрігердің этикаға жат мысал келтіргені туралы жазылды. Комиссия өз жұмысын аяқтайды. Егер біздің мамандардың кінәсі расталса, жауап береді", – деді Нариман Табынбаев.
Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, дәріс №132 мектепте өткізілген.
"Мұнда мектеп директорының кінәсі бар, ол ақпаратты тексермей, балаларға көрсетуге рұқсат берген. Бұл үшін оған сөгіс жарияланды", – деді Жылқыбаева.
Бұған дейін оқушылардың қысқы демалысы қанша күнге созылатын жазған болатынбыз.