Қазақстанда азық-түлік бағасы тағы да қымбаттайды
Қазақстанда азық-түлік бағасы тағы да қымбаттайды
Фото: gov.kz
Жаңа жылдан бастап, азық-түлік бағасы тағы да қымбаттайды. Мұны Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, – деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Мәселені шешуге министрлік қауқарсыз деп қосты. Бұған ең төменгі жалақының 2022 жылдан бастап өсуі себеп деді.
«Жалақы көбейгендіктен, тауардың да бағасы көтеріледі. Тауардың бағасы көтерілгеннен жалақыны көтеруге жұмыс жасау керек. Бірақ негізі жалақыны көтеру үшін өнімділікті көтеруіміз керек», – деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.
https://www.youtube.com/watch?v=QGa-SWHPJm8&feature=emb_title Елордалықтар баға күн сайын өсіп келе жатқанына шағымданды. Қымбатшылық қалтаны қаққанын айтады. Бағынбай бара жатқан бағаның салдарынан ет жеуден қалған отбасылар да бар.