Соңғы кездері кеншілердің жұмыс кезінде опат болып, жарақат алуы жиілеп кетті. Енді «АрселорМиттал Теміртау» кенішінде жұмысшы жараланғаны хабарланды. «22 желтоқсанда «Шахтинская» шахтасында металл бұйымдарды тиеу кезінде 1975 жылы туған кенші жарақат алды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханаға жатқызылды. Өміріне қауіп жоқ. Оқиға тергеліп жатыр»,– деп «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінің өкілдері қысқа қайырған. Бірақ дәрігерлер жағдайдың басқаша екенін айтады. Жарақат алған жұмысшы профессор Хафиз Мақажанов атындағы клиникаға жатқызылыпты. Бас-ми жарақатын алғаны мәлім болды. «Ер адам жедел травматология бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр»,– деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.
М.ХАҚНАЗАР