Шығыс Қазақстанда ауа райына байланысты жол жабылды

Шығыс Қазақстанда ауа райына байланысты жол жабылды

Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар жол жабылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңірде бораннан жол көрінбейді. Сондықтан республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 756-906 шақырымында (Семей қаласы мен Жарма ауданы Қалбатау ауылының аралығы) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді. Бұған дейін «Семей-Курчатов» тасжолының 4-130 шақырымы және «Семей-Қарауыл» тасжолының 4-182 шақырымы жабылған еді.