Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді
Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді
155
оқылды
Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (6-0, 4 КО) Мәскеуде өткен бокс кешінде колумбиялық Хосе Мигель Торреспен (33-12, 27 КО) жұдырықтасты.
8 раундқа есептелген жекпе-жекте Бек Нұрмағанбет Торресті 1 раундта-ақ нокаутқа түсірді. 
Осылайша Бек Нұрмағанбет өзінің алтыншы кәсіпқой жекпе-жегінде жеңіске жетті. 23 жастағы қазақстандық супер орта салмақтағы WBA International чемпионы белбеуіне иегері. Сондай-ақ Нұрмағанбет әуесқойлар арасында Азия чемпионы атанды.