«Жан шуағы» сыйлығы тапсырылды
«Жан шуағы» сыйлығы тапсырылды
156
оқылды
Ел көлемінде Тәуелсіздік мерекесіне орайластырылған айшықты шаралар түрлі форматта өтіп жатыр. Соның бірі – Атырау қаласында «Nur Otan» пар­тиясының қолдауымен өткен «Жан Шуақ» сыйлығын тапсыру рәсімі. Аталған шараға қатысу үшін өңірлерден 58 өтініш жолданған. Олардың ішінен түрлі аталым бойынша 7 лауреат анық­тал­ды. Сондай-ақ мүмкіндігі шектелуі жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыру бағы­тын­да жұмыс істеп жүрген жергілікті екі үміткер «Nur Otan» партиясының Атырау об­лыстық филиалына арнайы шақыр­ты­лып, марапатталды. Партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Арман Азаматов Мұхадия Қуангереев пен Қай­дарбек Құрмашевке партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің атынан алғысхат табыс етті. Ал пандемия кезінде қаражат жинауды ұйымдастырып, 2 мыңнан астам мұқтаж адамға көмек көрсеткені үшін қоғам белсендісі Гүлназ Қос­мұрзиеваға «Еріктілер қозғалысын дамытудағы жетістіктері үшін» марапаты тапсырылды. Айта кетейік, бұл шара «Қазақстан мүге­дектер конфедерациясы» РҚБ баста­ма­сымен және «Nur Otan» партиясының қолдауымен өтті. «Жан Шуақ» сыйлығы «Кедергісіз Келешек» партиялық жобасы ая­сында тағайындалды және жыл сайын қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын мүгедек адамдарға және ерекше қажет­ті­лік­тері бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға үлес қосқан азаматтарға бері­леді. Іс-шараның мақсаты – қоғамның назарын ерекше қажеттіліктері бар адам­дардың проблемаларына аудару, әлеуметтік кедергілерді жою бойынша іс-қимылдарды күшейту және үйлестіру, ерекше қажетті­лік­тері бар адамдарды әлеуметтендіруге ықпал ету, олардың жеке дамуы үшін жаңа мүм­кіндіктер ашу және алға жылжуға, қо­ғамға пайда әкелуге ұмтылысын қолдау. «Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау әрқашан партия жұмысындағы ба­­­сымдықтардың бірі болады. Бүгінде елі­мізде ерекше қажеттілігі бар 700 мың­нан астам азамат тұрады. Ал «Жан Шуақ» сыйлығы 2008 жылдан бері табысталып ке­леді. Осы жылдар ішінде оған 70-тен ас­там адам ие болды», – деді партияның об­лыстық филиалы төрағасының орын­басары Арман Азаматов.