Алматы-Қорғас тасжолында 17 көлік соқтығысты
Алматы-Қорғас тасжолында 17 көлік соқтығысты
232
оқылды

Алматы облысындағы Алматы-Қорғас тасжолында жол апаты болып, 17 көлік бір-біріне соғылды, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін облыстық полиция департаментіне сауал жолдады.
25 желтоқсанда сағат 10:00 шамасында Алматы-Қорғас автожолының 134 шақырымында ауа райының қолайсыздығынан, атап айтқанда, қалың тұман салдарынан 17 автокөліктің қатысуымен жол апаты болды", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.
Жол апатынан зардап шеккен бес адам Шелек ауылындағы ауруханаға жеткізілді.
"Оқиға орнында патрульдік полиция жасақтары жұмыс істеп жатыр. Тасжолдың 84-тен 136 шақырымға дейінгі аралығы көліктер үшін жабық", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.
Құзырлы ведомство жүргізушілерге ескерту жасады.