Amre мен Әлішер Кәрімов "Ресей дауысы" шоуының финалына өтті
Amre мен Әлішер Кәрімов "Ресей дауысы" шоуының финалына өтті
Коллаж: almaty.tv
267
оқылды

Қазақстандық әншілер Әлішер Кәрімов пен Ернар Садырбаев ресейлік "Голос" шоуының финалына өтті, - деп хабарлайды "Бірінші арна". 

Жартылай финалда әр тәлімгердің командасынан екі адам өнер көрсетті. Дима Биланның тобында болған Ернар Садырбаев "Подбери музыку"  композициясын орындады. Шәкірттерінің өнерінен кейін Дима Билан 60 пайыз дауысын Ернар Садырбаевқа, 40 пайызын Ильхам Тагировқа берді. Көрермендер дауыс бергеннен кейін Amre жалпы 128,5% жинап, финалға шықты. Тагировта 71,5% дауыс болды. Ал Әлішер Кәрімов финалға шығу үшін ресейлік Татьяна Качуринамен бақ сынасты. Олардың командасы биыл 28 қарашада Александр Градский қайтыс болғаннан кейін тәлімгерсіз қалған еді. Әлішер Кәрімов "Я тебя никогда не забуду" (мәтін авторы Андрей Вознесенский, композитор Алексей Рыбников) әнін орындады. Финалист көрермендердің даусымен таңдалды. Нәтижесінде Әлішер Кәрімов 52 пайыз, Татьяна Качурина 48 пайыз жинады. Осылайша қазақстандық әнші шоу финалына өтті. Төрт қатысушы арасындағы жеңімпаз 30 желтоқсанда анықталады.