Тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктету – басты борышымыз
Тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктету – басты борышымыз
183
оқылды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақа­ла­сында әрбір қазақстан­дық үшін ең басты құн­дылық тәуелсіздік екенін ерекше атап өтті. Тәңір­ден келген тәтті сыйы­мызға ата-бабалары­мыз­­­дың ел егемендігі үшін толассыз күресінің нә­ти­жесінде қол жеткіз­геніміз көпке аян. Сондықтан әрқайсысымыз үшін ең негізгі саяси, экономикалық, рухани құндылық ол – тәуелсіздігіміз. Елбасы ел тәуел­сіз­дігін сақтап қалу үшін бірінші кезекте біз өзіміздің тарихи та­мырымыздан, салт-дәстүрімізден, рухани келбетімізден ажырамауымыз керек екенін баса айтты. Бірақ біздің рухани келбетіміз ХХІ ғасырдағы роботтану, цифрландыру кезеңінде мемлекет тұғырының негізгі іргетасы бола алмайды. Ол үшін өзіміздің рухани әлемімізді, терең рухани тамырымызды экономикамен, яғни жаңашыл экономикамен, оның ішінде халқымызды цифрландыруға баулумен бірге жүру керек. Тек сол кезде ғана Қазақстан өзінің тәуелсіздігін ары қарай жетілдіруге мүмкіндік алады. Сондықтан Елбасы ең негізгі мәселе осы біздің салт-дәстүрімізді, мәде­ниетімізді бүгінгі заманғы жаңа озық технологиямен бірлестіру, екеуіне интеграция жасау екеніне баса назар аударды. Менің ойымша, бұл біздің болашақ ұрпақ үшін ең негізгі мәселе болуы керек. Сонымен бірге Елбасы роботтану за­манында Қазақстан экономикасын дамытуды жан-жақты қарастырды. Бұл да еліміз үшін жаңа бағыт, жаңа бағдар. Яғни, ХХІ ғасырда біздің мемлекетімізді дамытып, оны сақтап, тұғырын кеңейту үшін ең негізгі құндылық ол – біздің салт-дәстүріміз, дәстүрлі мәде­ниетіміз және жаңашыл экономикамыз. «Біз кез келген уақытта тәуелсіздігімізді сақтау, оны әрмен қарай дамыту үшін не істей аламыз?» деген сұраққа жауап беруге дайын болуымыз керек. Сол кезде мемлекетіміздің тұғыры нығайып, экономикасы қарыштап, рухани әлемі кеңейіп, тәуелсіздіктің іргетасы берік қалыптасады.

Ерлан САЙЫРОВ, Мәжіліс депутаты