Мақпал Жүнісованың рөлін сомдаған актриса әншіден кешірім сұрады
Мақпал Жүнісованың рөлін сомдаған актриса әншіден кешірім сұрады
Фото: Instagram
367
оқылды
«Отыздан асып барамын» атты фильмде халық әртісі Мақпал Жүнісованың рөлін сомдаған актриса Малика Қалдарбек әншіден кешірім сұрады. Актрисаның айтуынша,  фильм авторлары әншіден рұқсат алмаған. «Мақпал Жүнісова қазақтың ерке қызы. Ол ән әлемінде өз орнын ойып тұрып алған тұлға. Ол кісінің ренжігенін естіп көңілім босап тұр. Мен білмедім, керісінше қазақтың біртуар қызының рөлін берді деп қуанып едім және актрисалық мәнсабымның ең үлкен белестерінің бірі деп қабылдадым. Сіздің хабарыңыздың жоқ екенін білмедім. Сіздің айтқаныңызға келісемін, айыпқа бұйырмаңыз. Бірақ сіздің образыңызды қолымнан келгенше сомдап шығуға тырыстым. Сізге деген құрметім шексіз. Бір ауыз алдыңыздан өтпегенім үшін кешірім сұраймын. Бұл менің жастығым болар», — деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында Малика Қалдарбек