Жаңа жылдан бастап ет 15% қымбаттайды
Жаңа жылдан бастап ет 15% қымбаттайды
Сурет: kazakhstan.travel
317
оқылды

Жаңа жылдан бастап елімізде ет қымбаттайды. Ет одағының мүшесі Сағынғазы Құрманәлінің айтуынша, 2022 жылы еттің  бағасы 10-15 пайызға көтірілмек, -! деп хабарлайды "Отырар" басылымы. 

"Бұған теміржол тасымалы бағасының өсуі әсер етпек. Бұл өз кезегінде жемнің қымбаттауына әкеледі",- дейді ол.
Сондай-ақ, шаруаларда арзан бағамен сатып алынған дизель қоры таусылып барады. Сол үшін фермерлер оны нарықтың құнымен сатып алуға мәжбүр. Биыл қысқы солярка 37 пайызға қымбаттағаны белгілі. Сол үшін еттің көтерме құны 200 теңгеге өскен еді. Жаңа жылда тағы 10-15 пайызға қымбаттамақ.