Атыраулық тұрғын мұз астына кеткен досын құтқарып қалды
Атыраулық тұрғын мұз астына кеткен досын құтқарып қалды
172
оқылды

Атырауда Жайық өзенінің бетіндегі мұз ойылып, екі жігіт суға кетіп қала жаздад, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 24 желтоқсанда болған. Мұз астына түсіп кеткен досын құтқару үшін екіншісі оның артынан суға түсті.
"Жайық өзенінің бетіндегі мұз ойылып, үстінде жүрген жігіттің батып бара жатқанын көріп досы көмекке келген. Оқиғаға куә болған тұрғындар арнайы мамандарды көмекке шақырған. Алайда екі жігіт өз күштерімен өзеннің арғы жағына өтіп, аман қалды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аязды күні суға кету қаупінен аман қалған жігіттерге жағада полция қызметкерлері көмек көрсетіп, жедел-жәрдем шақырды.