Жаңажылдық шыршадан шыққан өрт: екі баланы көршісі құтқарды

Жаңажылдық шыршадан шыққан өрт: екі баланы көршісі құтқарды

Кеше сағат 10:36-да құтқарушыларға Талдықорған қаласы «Болашақ» шағынауданында 5-қабаттағы пәтер өртенді деген хабар түскен. Бұл туралы Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД-нен 16 қызметкер мен 6 техника жіберілді. Пәтерде жасанды шырша мен жиһаз өртенген. Құтқарушылар келгенге дейін көршісі Әлішер Еріков екі баланы пәтерден шығарып, өртті сөндірген. Өрттің шығуына жаңажылдық шыршадағы токқа қосылған электр гирляндасының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Бұған дейін төрт баланы өртенген үйден алып шыққан оқушы туралы жазған болатынбыз.