Журналист Мақсат Толықбай елден ақша жинап, биыл қуаңшылықтан малы қырылған шаруалар үшін шөп шапқан Құрмет Талапқазыға үй алып бермек. Бұл туралы журналист Facebook-тағы парақшасында жазды.
Журналистің бастамасымен елден 9 миллион теңгеге жуық қаражат жиналған. Оған қосымша «Асылтас» қоры 9 миллион теңге қосты.https://www.youtube.com/watch?v=b6H9nC5S7As&feature=youtu.be&ab_channel=AikynGazeti«Еңбегімді бағалап жатқан қарапайым халыққа, ел ағаларына алғысымды айтамын», – деді Құрмет Талапқазы.
"Адал" партиясы Құрмет Талапқазыға 2 миллион теңгенің сертификатын табыстаған болатын.Бұған дейін ел үшін еңбек еткен Құрмет Талапқазы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің араласуымен университетке тегін оқуға қабылданған еді.
Бұған дейін мал қырылып жатқанда Ауыл шаруашылығы министрлігін Есіл өзенінің оң жағалауынан сол жағалаудағы Министрліктер үйіне көшіру үшін 3,5 миллиард теңге жұмсалғанын жазған болатынбыз.