Алматыда балаларды ұрып-соққан тәрбиеші жауапқа тартылады – видео
Алматыда балаларды ұрып-соққан тәрбиеші жауапқа тартылады – видео
Фото: видеодан скриншот
292
оқылды

Бұған дейін әлеуметтік желіде балаларды ұрып-соққан тәрбиешінің видеосы таралған еді.

Видеоға қатысты полиция тексеруді бастады. Полиция департаментінің дерегінше, бұл факті Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
«Іс материалы Жетісу аудандық полиция бөлімі өндірісінде қаралып жатыр. Тергеуден соң тәрбиеші заң аясында жауапқа тартылады» делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Ескерту!  Видеода адамгершілікке жат, бей-берекет көріністер бар. 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Ирина Советжанқызы (@irina_31tv)

 Бейнежазба журналист Ирина Советжанқызының Instagram-дағы парақшасынан алынды. 

Бұған дейін Алматы облысында балабақшада көз жұмған 4 жасар қыз туралы жазған болатынбыз.