Мереке күндері автобустардың жұмыс кестесі қандай болады?
Мереке күндері автобустардың жұмыс кестесі қандай болады?
Фото: astana.gov.kz
200
оқылды

Астанада 2022 жылы 1, 2, 3, 4 және 7 қаңтарда қоғамдық көлік тұрақты қатынайды.

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, автобус тұрақты қатынайды.

«Мереке күндері 1, 2, 3, 4 және 7 қаңтарда қоғамдық көлік демалыс күннің кестесімен жүреді. Жолаушылар санының төмендеуіне байланысты  автобустар саны аз болады» делінген хабарламада.

Автобуста жолақысы көлік картасы немесе QR код сканерлеу арқылы төленеді.