"СарыарқаАвтоПром" ЖШС алаңында "Allur" компаниялары Қостанайда отқа оранған үйден төрт баланы аман алып шығып, құтқарып қалған балаға көлік сыйлады.
Кәсіпкерлер Мемлекет басшысының үндеуін қолдап, Олег Пирогқа отандық Chevrolet Nexia автокөлігінің кілтін табыстады. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өз парақшасында жазды. [caption id="attachment_177391" align="alignnone" > ©alau.kz[/caption] "Өз кезегінде мен жас батырымыз Олегке ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысхатын табыстадым. Сондай-ақ оған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің атынан "Өрт кезінде көрсеткен қайсарлығы үшін" медалі табысталды. Ал Олегтің анасы Валентина ҚР ТЖМ алғысхатымен марапатталды", – деді облыс әкімі.