Есікті ашып, кіргеніміз сол еді, артымыздан іле-шала бала көтерген ер азамат та ішке қарай ентелей кірді. Бір шетке ығысып, балалы ер кісіге жол бердік. Ол бірден баласын дәліздегі диванға жатқызып, сырт киімін шеше бастады. Сол кезде арғы жақтан орта жастағы әйелдің «Бізге Жарас келіпті ғой. Қалың қалай?» деген дауысы естілді. Сөйтсек, ол кісі осы жердің әкімшісі екен. «Бұл жігіттің тіл қатпағанына мән бермеңіз, тілі мүкіс, сөйлемейді. Жұмыспен қамту орталығы жіберген, бізде жұмыс істейді», – деді әлгі әйел ер азамат туралы. Ал кішкентай Жарас осы орталықта ем қабылдап жүрген бала екен. Жасы – 7-де, диагнозы – аутизм.
[caption id="attachment_177405" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Біз келген мекеме – мүгедектігі бар балалар мен жастарға әлеуметтік көмек көрсететін «Балам-ай» орталығы. 2011 жылдан бастап ұйым Нұр-Сұлтан қаласындағы Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының қолдауымен мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Қазір қала бойынша төрт филиалы ашылған. [caption id="attachment_177406" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Ал оның біреуі – ересектерге арналған. Сарыарқа филиалының директоры Сандуғаш Сейдахметованың айтуынша, Асқар Тоқпанов, 60 мекенжайындағы филиал тәулік бойы жұмыс істейді. Психоневрологиялық патологиясы бар 18 жастан асқан азаматтарды қабылдайды. Ал қалғаны 3 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған күндізгі бөлім. [caption id="attachment_177407" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption] – Он жыл ішінде жеткен жетістігіміз аз емес. Сал аурумен ауыратын 15 бала аяғына тұрып, жүре бастады. Сол секілді церебральді параличі (БЦП) бар тағы 30 бала мен Даун синдромымен ауыратын бала түзету сыныбына өтті. Ал психологиялық ауытқуы бар үш адам Kunde кафесіне жұмысқа тұрды. Жалпы, біздің осы филиалдың өзінде қазір 46 бала бар. Олардың әрқайсымен логопед, дефектолог, психолог, эрготерапевт, музыкотерапевт, глинотерапевт, изотерапевт, ЛФК нұсқаушы, войтотерапевт, бобат-терапевт, хореограф, ABA-терапевт секілді мамандар айналысады. Екіншіден, ата-аналар балаларын осында әкеп, алаңсыз өз жұмысымен айналысуына мүмкіндік туады, – дейді Сандуғаш Маратқызы. [caption id="attachment_177408" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Заманауи құрылғымен жабдықталған орталықта бүкіл ем тегін жүргізіледі. Баласын сырқатынан айықтыру үшін кез келген ата-ананың аянып қалмасы анық. Сондай жанның бірі – Анар Сабыралиева. «Елордада аутизмді емдеуге мүмкіндік көп» деп, Қарағандыдан арнайы көшіп келген. [caption id="attachment_177409" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption] – Бір жылдың ішінде бала орнықты бола бастады. Негізі өзі тынымсыз, жыбырлап бір орнында отырмайтын. Сөзіңді де түсінбейтін. Қазір теледидар, ұялы телефонға қарап, жақсы әуен естісе, тербеліп билейді. Отыра қалса, пазл құрап, заттарды ажыратып, айтқаныңды түсінеді. Әкесі екеуміз оның сөйлеуге икемделіп жатқанын естіп, қуанышымызда шек жоқ, – деді ол. [caption id="attachment_177410" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Оның айтуынша, баланың сырқаты жөнінен қажетті құжаттарды жинап, Халыққа қызмет көрсету орталығына апарып тіркелген. Артынан «Балам-ай» орталығына жолданған. «Туғанда ұлымның тек бүйрегі ауыратын. Бір жарым жасқа дейін соны емдедік. Сол уақытта ол «мама», «папа» деп айтатын. Онға дейін санап, айтқаныңды түсініп, тамағын ішетін. Кейін бір айынан бастап екі жасқа дейінгі салынатын екпенің бәрін алты айдың ішінде алдық. Ешкімді кінәламаймын, бірақ осы кезде баламның ыстығы көтеріліп, қатты ауырды. Үйренген бүкіл дағдысын ұмытты, тамағын да жемейтін болды. Үш жасында бір де бір сөз айтпай, сөйлеуді доғарды. Невропотологқа барғанымызда «маған емес, психиатрға апарыңыздар» деді. [caption id="attachment_177411" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Психологиялық орталықта анализ тапсырып, ауруханаға жатып, 4 жасқа дейін ем қабылдадық. Ақырында мүгедектік алдық. Бұл диагнозға көндіккенімен, оған мойымаймын. Ресейлік мамандардың аутизм бойынша өтетін қосымша курстарына қатысып, үйреніп жатырмын. Келешекте қандай да бір қабілеті ашылып, танылып шығады дегенге сенемін», – дейді Жарастың анасы. [caption id="attachment_177417" align="alignnone" > ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Ал көпбалалы ана Сая болса, баласын орталық ашылған күннен әкеп жүргенін айтты. Ол кезде Рауанның жасы 3-те болған. Оның диагнозы – церебральді паралич, эпилепсия, аутизмнің кейбір белгісі тағы бар. Сондықтан балалардың ішіндегі жағдайы ең қиыны Рауандікі еді.